Альберто Райаның «Каминос Фламенкос» шоуы аясында шеберлік сағаты

     Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінде 2018 жылы сәуір айының 1-і күні сағат 11:00-де Альберто Райаның «Каминос Фламенкос» шоуы аясында шеберлік сағаты өтті.

    Испаниялықтар халық болып жаппай би билегенді жақсы көреді. Бұл олардың қанынан келе жатқан қасиет. Испанияда бидің төрт түрі бар: заманауи, классикалық, фламенко және халықтық би.

     Сол билердің ішінде бірегейі – «фламенко». Фламенко биі – ежелгі үнді тайпаларына тән би түрі. Ал испан жеріне бидің бұл түрі б.з.д 500-250 жылдары келген. Тарихы тереңде жатқан бидің өз ерекшелігі бар. Бұл биді испан жеріне үнді бишілері алып келді. Патшаның көңілін табуға Кадис жағалауы арқылы келген бишілер халыққа ерекше көңіл күй сыйлап отырған. Арада мың жыл өткен соң бұл далаға маврлар мен сығандар келді. Олар бұл бидің өзгеше үлгісін қалыптастырған. Фламенко биінің бір құпиясы бұл би ұстаздан шәкіртке қалады және ол кітап бетіне түспейді. Яғни қалай билеу керектігі туралы ешқандай дерек қалмайды. Аталған бидің музыкалық жанры Андалуси жерінде пайда болды.

     Фламенко – Испания елінің негізгі би мәдениетін көрсетеді. Фламенко – халықтық биге келетін, адамның ішкі жан дүниесін сыртқа шығаруға арналған би түрі. Бұл бидің негізгі иесі – әйел заты.

     Альберто Райаның «Каминос Фламенкос» шоуы аясында испан халқының фламенко биінің қимылдары мен әнің келген қонақтарға шеберлік сағатын өткізді.

     Альберто Райаның «Каминос Фламенкос» шоуы аясында өткен шеберлік сағаты қала тұрғындары мен қала қонақтарына ерекше кеш сыйлады.