«Рухани жаңғыру – Аспап жасаушы шеберлердің жаңа туындылары музей сахнасында» атты концерттік іс-шара өтті

                                                      

Бүгін, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Рухани жаңғыру – Аспап жасаушы шеберлердің жаңа туындылары музей сахнасында» атты концерттік іс-шара өтеді.

Музейдің концерт залында өткізілген іс-шарада он саусағынан өнер тамған шеберлердің жұмыстары көрсетіліп, еңбектері аталды. Сонымен қатар, олардың қолынан шығып жатқан ұлт мәдениетін көрсететін ұлт аспаптары көпшілік назарына ұсыныды.

Олардың қатарында: жетіген, домбыра, қобыз, шертер, ортеке т.б. музыкалық аспап түрлері бар. Ал, аспаптарды музей қорына өткізген алғашқы лек шеберлер қатары: Мұса Әділ, Айтберген Құлменов, Асима Иманғалиева, Жолаушы Тұрдығұлов, Нұрлан Абдрахманов, Нарбек Оханов, Мейірбек Ділманов, Ердос шебер.

Бұл игі іс-шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған ұлттық код, ұлттық сана бағдарламасын іске асыру мақсатында музей қабырғасында алғаш рет құрылған «Шеберлер кеңесі» жұмысының нәтижесі.