«Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі сыбызғышы Талғат Мұқышевтің «Сыбызғының сырлы сазы» атты лекция-концерті

     2019 жылы 20 ақпан күні сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі сыбызғышы Талғат Мұқышевтің «Сыбызғының сырлы сазы» атты лекция-концерті өтеді.
     Талғат Мұқышев – өнертану ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бүгінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында доцент қызметін атқаруда. Республикалық және халықаралық фестивальдардың лауреаты, Америка, Франция, Германия, Италия, Швейцария, Мысыр, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Ресей, Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстан, тағы басқа елдерде өткен халықаралық музыка фестивалъдеріне қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанды. 
     1997-2000 жылдары Республикалық Ұлан президенттік оркестрінде жеке орындаушы-сыбызғышы болды. Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі және Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрлермен көптеген концерттерде өнер көрсетті. Оның орындауындағы сыбызғы күйлері Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген. «Естайдың Қорланы» атты спектакльді, «Көшпенділер» кинофильмін сыбызғы үнімен дыбыстандырды. 2003 жылы сыбызғы күйлерінен өз орындауында «Сыбызғы сыры» атты үнтаспа шығарды, 2007 жылы «Мәңгілік сарын» атты сыбызғы-қобыз күйлер жинағының және 2010 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты күйлер жинақтарының кіріспесін жазып, көптеген сыбызғы күйлерін жинап, осы антологияның құрастырушылары қатарында болды. 2005 жылы жарық көрген «Сыбызғы сазы» кітабының авторы.
     Кеш жүргізушісі – ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-зерттеуші Мұрат Әбуғазы.

     Келіңіздер, көріңіздер! Кіру тегін!

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16
Музей сайты: yqlasmusmuseum.kz
E-mail: [email protected]
Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им.Ыхласа