"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

     "Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы. 2015 жылдың қазан айынан бастап табысты жұмыс істеп келе жатқан бұл жоба маңызды үш міндетті орындап келеді. Атап айтқанда, бағдарлама халық музыкалық өнері мен дәстүрлерін насихаттайды және қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы әңгімелейді, сондай-ақ, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экспонаттарымен таныстырады.

    Бағдарламаның түсірілімі де дәл осында – қазақ халқының, сондай-ақ, басқа да елдердің музыкалық аспаптарынан құралған бірегей коллекция жиналған қазыналы орында өтеді. Ал жүргізуші – музей директоры Ұлжан Байбосынова.  Толығырақ: