МУЗЕЙ САХНАСЫНДАҒЫ ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚАЙТА ТҮЛЕУI

     Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Абайдың даналығы, Әуезовтiң ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлерi ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнi – бұлар бiздiң рухани мәдениетiмiздiң бiр парасы ғана» деп атап өттi. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейiнде Елбасы атап өткендей, Махамбеттiң, Динаның, Бiржан салдың, Сүгiр мен Қазанғаптың, Естай мен Сейтектiң, Абай мен Жамбылдың, Нартай мен Шашубайдың, Кенен мен Нұрғисаның, тағы да басқа бақсы-жыраулар мен ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұрпақтан- ұрпаққа жеткен жәдiгерi – музыкалық аспаптары халыққа кеңiнен ұсынылған. Бұл құнды жәдiгерлер ұлттық код, ұлттық сананың көрiнiсi деп бiлемiз. Толығырақ