Бұғышақ аспабы

     Үрмелі аспаптардың сүйек пен мүйізден жасалатын түрлері де ертеден бері сақталған. Олар қамыс-қурай, ағаштан жасалатын үрлемелі аспаптарға қарағанда ұзақ сақталып бүгінге жетті. Соның бірі – бұғышақ. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылады. Оның даусы шыққан жерге жиналған маралдар мен бұғыларды аңшылар қолға үйретіп, асырайтын болған.

     Бұғышақ – көне саз аспабы. Маралдың немесе бұғының мүйізін үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығаратын тілше салынып жасалған. Ұзындығы 28 – 30 см. Өйткені, аспаптың үні марал мен бұғының дауысына өте ұқсас. Ел ішінде бұл аспапты «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деп те атайды. Бұғышақтың әр түрлі шеберлер жасаған екі-үш нұсқасы түрлі музейлер қорында сақтаулы. Алтайлықтар бұл аспапты «абырға», хакастар «пырғы» дейді.