Шың аспабы

     Шың – қазақтың көне музыка аспабы. Ол аты затына сай, ағаш қаққышпен соққанда шыңылдаған дыбыс шығаратын, беті сәл дөңес дөңгелек металл тәрізді ұрмалы – шулы аспап. Шыңды саятшылар түз тағыларын үркітуге қолданады

     Шың – шыңдалған, шымыр аспап. Бұлай дейтін себебім: қазақтың қайбір ұрмалы аспаптарын алмайық түбі жаугершілік заманға қозғау салады. Тіпті аспапты жай ағаштан емес, өте шымыр, шыдамды, діңі берік ағаштан жасаған. Шыңды дауылпаз, даңғара, керней, сырнай секілді аспаптармен қатар қолданған.

     Шың – саятшылық аспабы. Аспапты құсбегілер де жақсы меңгерген. Шың арқылы қырандарын баулып, аспаптың үніне үйретіп, алыс кеткен құсын шыңның үні арқылы шақырған. Шың аспабының жасалуы өте талғампаздықты талап еткенмен, оны ойнау аса қиын емес. Шың аспабының үні жаңғырықты болып келеді. Аспаптың да көлемі біркелкі болып келеді. Оның ең үлкенінің диаметрі 40-50 сантиметрді құраса, кіші 10-15 см аралығында жасалады.

     Аспапты жез, қола секілді металдардан жасайды. Сыртын пайдалану қажетіне қарай түрлі ою-өрнектер жүргізіп безендіреді. Кейді күміс, алтын жиектер жапсырады. Сәнін әрлей түсу үшін шашақ тағып та қояды. Қазақ халық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамблінің құрамында қазіргі таңда шың аспабы табиғат құбылыстарының үнін салу үшін көптеген аспаптармен бірге сүйемелдік, жетекші болып қолданылып келеді.