«Өнерім – ерлігім, Ән, жырым – ерлігім»

     2018 жылы мамыр айының 7-жұлдызында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық әні» кафедрасының 3-курс студенттерінің 7-мамыр ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған «Өнерім – ерлігім, Ән, жырым – ерлігім» атты мерекелік концерті өтті.

     Атаулы мерекенің тарихына зер салсақ, ол 1992 жылдан бастап тойланады екен. 1992 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзіретіне берілген болатын. Сондықтан бұл күн – қайсар рухты ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің жалғасын тапқан күн.

     Мерекелік кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының 3-курс студенттері – Ж. Елемесов, Ж. Оңдаған, А.Зәбиханова, С.Әбдіразақ, С.Бөдесова, Ж.Шунан, Ғ.Тұрғалиев, Е.Жамбылов, Ж. Құдайбергеновалар өнер көрсетті.

     Кешке жиналған жұртшылық қазақ әндерінен сусындап, керемет кештің куәсі болып қайтты.