Сыбызғы туралы аңыз

Сыбызғы

Баяғыда бір бала болыпты. Әке-шешесі жоқ тұл жетім екен. Көрінгеннің есігінде қаңғып жүреді. Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында салпаңдап, айтқан шаруасын екі етпей орындайды. Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты. Күздің қара суығы екен. Төңіректі тұман шарлап, ызғырық жел өңменіңнен өтеді. Жұрт жылы үйден шыққылары келмейді. Ал жетім бала жалаң аяқ сыз басып, сиыр жаяды. Суықтан тісі-тісіне тимей жаурайды. Жапан далада тоңғаннан не істерін білмей, өксіп-өксіп жылайды. Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:

– Әй балам, неге жыладың? – деп сұрайды.

– Жыламағанда не? – дейді бозбала. Қожайын күнде үйден қуады. Жалаң аяқ, жалаң баспын, өлерше болдым.

Шал жетімді аяйды, әйтсе де қолынан келер қайран жоқ, өзінің аяғында жыртық шақай. Әрі-бері ойланып, қалтасындағы сыбызғыны алып, бозбалаға ұсынады.

– Осыдан басқа берерім жоқ, – дейді шал. Бірақ бұл жай сыбызғы емес, сиқырлы сыбызғы, емші сыбызғы. Әйтеуір бір күні пайдасы тиер. Бұл сыбызғыны үрлесең болды, кез-келген ауруды емдейді. Осыларды айтады да, әлгі шал ғайып болады. Бір күні ханның қызы ауырып қалып, емшілерді жинайды. Бозбала соны емдеуге барады. Сыбызғыда ойнағанда, қыз құлан-таза айығады. Хан жігітке қызын береді. Хан өлген соң, бозбала орнына хан болады. Дәл осы сәтте сиқырлы сыбызғы кенеттен жоқ болып кетеді.