«Жетісу ән-күй, жыр мұрасы» атты дәстүрлі музыкалық концерт

                                                                          

 

                                                                                       БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                    «Жетісу ән-күй, жыр мұрасы» атты дәстүрлі музыкалық концерт

2017 жылдың 24 ақпан күні, сағат 16:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің, концерт залында «Жетісу ән-күй, жыр мұрасы» атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді.

Концерттің мақсаты. Қазақ – ежелден ән-жырмен өсіп, ұрпақ жалғастырып, рухани байлығы асып-тасып жатқан халық. Әнші, жыршысын, күйші өнерпазын әдейілеп шақырып, төрден орын ұсынып, әспеттеп өнеріне сай шапан жауып, ат мінгізіп зор құрмет тұтқан елміз.

Жетісу жері – қазақ халқының тағдыры талай рет талқыға түскен жер, үш жүздің қаны топырағына мәңгі сіңіп қалған тарихи мекен.

Жетісудың өнері, ән-күйлері, ақындардың жыр сарындары – уақыт тынысы, әлеуметтік кезең, дәуірге сай тағдыр, заман әуенін тербетеді.  

Жетісу – қазақ халқының дәстүрлі ән, күй, жыр мектептері қалыптасқан құнарлы өңірдің бірі. Жетісудың дәстүрлі ән өнерін Кебекбай, Ноғайбай, Кенен, Қапез т.б. секілді жезтаңдай әншілер қалыптастырып жеткізді.

Жетісу өңірінің жыраулық дәстүрінің ірі өкілдері Қабан, Сүйінбай, Жамбыл секілді жыраулардың қайталанбас өнері арқылы «Жетісу жыр мектебі» қалыптасты.

Жетісу өнерінің күй дәстүрі өз алдына жеке дамып, күй шығармалары халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғаларымен ұштасып жатады. Жетісу өңірінің күйшілік дәстүрін Байсерке, Қожеке секілді күйшілер дамытты.

Жетісу жерінің атадан балаға өзгеше нақыспен жалғасқан музыкалық аса бай мәдени мұрасын жалғастырушы насихаттаушылар баршылық.

Концертке дәстүрлі ән, әуен, сарындарды бүгінге жеткізіп орындаушы Рамазан Стамғазиев, Ербол Үсенбаев, Тілеулес Құрманғалиев, Ерболат Шалдыбеков, Мұрат Әбуғазы, Нұржан Жанпейісов, Шолпан Даржанова сынды танымал өнерпазадар қатысады. 

Асыл мұрамыз насихатталдатын бұл концерт қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше кеш сыйламақ.    

Өтетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А-үй.

Байланыс телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16