Әнші-сазгер Жәкен Омаровтың шығармашылық кеші

                                                                         

                                                                              БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                         Әнші-сазгер Жәкен Омаровтың

                                                                               шығармашылық кеші

2017 жылдың 10 наурыз күні, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында белгілі ақын, термеші, сазгер Жәкен Омаровтың шығармашылық кеші.

Концерттің мақсаты. Жәкен Қазыбекұлы Омаров 1974 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Әнші, термеші, композитор, айтыс ақыны.

Еңбек жолын Шымкент облыстық жастар одағы комитетінен бастаған. 1997 жылы Түрік Республикасы Ыстамбұл қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Білім және парасат қоры дін курсын бітірген.

Ол 1988-2001 жылдары аралығында өткен айтыстарда, республикалық айтыстарда, «Студенттер көктемі», «Ұлытау үні» фестивальдерінде жеңімпаз атанған. Сонымен қатар көпшілік сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің авторы. Атап айсақ: «Біздің елдің жігіттері», «Өзіңді аңсап», «Жамалым» атты әндерімен қатар, оның, репертуарында бабасы Майлықожа Сұлтанқожаұлының бай мұрасы, Орта сыр мақамдары, Мырзашөл мақамдары мен Қаратау шайырларының шығармалары бар.

Тымсал сөз термені Жәкен Омаров ата жолын жеткізуші мақамшы шалдардан, оңтүстік аймақтың өткен ғасыр аяғындағы термеші-ақындарынан Арынқожа, Әзім баба, Тұрсынғали қарт, Әмзе қария, Оразқожа, Көпбай Омаров, Қайыпназар қарияның шәкірттерінен, сондай-ақ, Қарсыбай Ақтаев, Өмірзақ Сұлтанмұратов сынды термешілерден үйренген.

Шығармашылық кеште Жәкен Омаров Майлықожаның, Нартайдың, Қайыпназар Әйтпеновтың термелерін орындайды. Сондай-ақ, көктем мерекесіне орай келген кеште Жәкеннің әдемі әндеріне де қолқа саламыз.

Асыл мұрамыз насихатталатын бұл концерт қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше кеш сыйламақ.   

Өтетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А-үй.

Байланыс телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16