Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдауға арналған дөңгелек үстел

                                                                       Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

                                                       атты бағдарламалық мақаласын талдауға арналған дөңгелек үстелдің

                                                                                                   ҚАРАРЫ

Үстіміздегі жылдың 12-ші сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Мақала қазіргі Қазақстанның экономикалық-саяси стратегияларына орайластырылған, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға қызмет ететін негізгі бағдарлама болып табылады. Бұл, Елбасының жыл басындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының жалғасы болып табылады. Сонымен қатар, өткен жылдары іске асырылып келген экономикалық және саяси реформалардың рухани тірегі болып отыр.

Бағдарламалық мақала үлкен екі бөлімнен тұрады, оның әрқайсысы еліміздің өркендеуіне және рухани жаңғыруына арналған идеялар жиынтығынан құралған пункттерге бөлінген.

Мақаланың негізгі мәні – ұлттық сананың қалыптасуына, қазақстандықтардың этникалық бірегейлігіне, білімді жастардың өсіп-өркендеуіне, бесекелестікке қабілетті қоғам құруға басымдықтар берілген. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетімізді бойымызға сіңіруге, гуманитарлық ғылымдар: тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология сынды ғылымдардың беделін көтеруге арналған. Соның негізінде «Туған жер» бағдарламасын дайындап, оның аясында музейлер мен галереялардың қорын байытуға болатындығын көрсеткен.

Елбасы мақаласында көрсетілген рухани жаңғырулардың тетіктерін маңыздылығы мен рөлін ерекше атап өтіп, дөңгелек үстелге қатысушылар ҚАУЛЫ етеді:

1 Елбасының мақаласында көрсетілген рухани құндылықтарды жаңғыртуда музейдің белсенділігін көтеру:

2 Музей қорларын көбейту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

3 Бағдарламалық мақаланың өзегіне айналып отырған гуманитарлық ғылымдармен интеграциялану арқылы музейіміздегі зерттеу жұмыстарын жетілдіру;

4 Елбасының көрсетіп отырған стратегиялық бағдарламасына орай жаңа жобалар дайындау.

5 Тұлғаларға байланысты сериялық кітапша шығару (келешекте жалғасу стратегиясымен)