Жетіген туралы аңыз

Жетіген туралы аңыз

Ертеде бір ауылда тұратын қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз аштыққа тап болады. Сөйтіп қарияның да басына қайғы төнеді. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй пьеса  түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән ” - “жетіген” деген ұғымды береді.

Материал: http://musicheritage.nlrk.kz/index.php/kz/menu/show/11 © Национальная Библиотека Республики Казахстан. [email protected]

Design by Aysarov Shukhrat © 2009