«Домбыра – асыл мұра» атты Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде сағат 11:00-де Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында «Үміт үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бүлдіршіндеріне тегін экскурсия жүргізіліп, концерттік бағдарлама мен түрлі ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар берілді.