«Ұлы дала толғауы» атты жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың шығармашылық кеші

     2019 жылы 28 маусым күні сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлы дала толғауы» атты жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың шығармашылық кеші өтеді.

     Бейсеқожаев Ғаламат Саттарұлы 2001 жылы 3 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі. «Махамбет оқуы», «Абай оқуы» республикалық конкурстарының бас жүлде иегері. Күй қоржынында «Наурыз», «Қасқарау», «Жазғытұры», «Абай толғауы», «Махамбет», «Қосбасар», «Қордай», «Жеңіс», «Жауынгер» және басқа да күйлері бар. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа арналған «Атадан мұра» күйінің авторы.

     2016 жылы Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналған «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кешін, 2017 жылы  Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханада арналған «Атадан мұра» күйі кешін, 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында   Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен  Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына арналған «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кешін өткізді.

       Кіру тегін

      Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

     Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

     Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

     E-mail:

     Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа