Хегым аспабы

     Хэгым – екі ішекті ыспалы аспап, хальтэ аталатын жылқы қылы тағылған қияқпен ойналатын корей скрипкасы. Ішектер қалың есілген жібек жіптен жасалып, квинта күйіне келтіріледі. Олар «чунгхён» және «юхён» деп аталады. Корпустың түбіне бекітілген ішектер «вонсан» көпірі арқылы өтіп, мойынға ұқсас бамбук өзектің басындағы үлкен құлақтарға тағылады. Резонаторлық қорап бастапқыда бамбуктан жасалса, кейіннен материал қатты ағаш түрлеріне, мысалы, павловнияға өзгертілді. Корпустың артқы жағында резонаторлық саңылау орналасқан.

     Ойын барысында орындаушы малдас құрып отырып, хэгымды сол жақ тізеде тік ұстап отырады. Сол қол дыбыс биіктігін бақылап, тербеліске келтіреді, сәйкесінше, мойны жоқ. Орындаушы оң қолмен қияқты ішектер арасымен жүргізіп, қылдың тартылысын реттейді. Сондай-ақ, орындаушы ішектерді тартып тұрған «вонсан» көпірін қозғалту арқылы дыбыс қаттылығын басқара алады. Мысалы, дыбысты күшейту керек болса немесе үлкен ансамбль құрамында өнер көрсетсе, вонсанды резонаторлық қорапқа жақындатуға болады. Екінші жағынан, жұмсақ тембр қажет болса, оны қолданбауға да болады.   

     Хэгымның маңызды сипаттарының бірі – аспаптардың дәстүрлі қытайлық классификациясы ба инь бойынша материалдың барлық сегіз түрінің хэгым жасауда қолданылуы.

     Хэгым ансамбльдерде ішекті және үрмелі аспаптармен тең дәрежеде қолданылады. Өзінің бірегей мыңқылдақ тембрі үшін хэгым тағы бір – кканккввенги атауына ие болды (скрипка мен оның «фиддл» атты  түрінің дыбысталуына байланысты атау). Осы тектес ішекті-ыспалы аспап түрін көптеген музыкалық мәдениеттерден, мысалы, Қытайдан (эрху), Оңтүстік және Орталық Азиядан, Үндістан мен Ираннан (кеманча), т.б. кездестіруге болады.

     Хэгымның пайда болған жері Орта Азия, нақты Монғолия деген пікір кең тараған, бірақ аспаптың отаны Иран болуы да ықтимал. Кореяда бұл аспап Корё кезеңінде (918-1392 жж.) пайда болған деседі. Хэгым дыбысталуының алуан түрлілігі (диапазоны шамамен екі октава), сондай-ақ, сезімді жеткізе білу қасиеті арқасында көпқырлы аспаптың бірі болып саналады.

     Сондықтан, хэгым корей ансамбльдік және оркестрлік музыкасында, соның ішінде дәстүрлі сарай музыкасының екі стилінде («танъак» – қытай сарай музыкасы негізінде, «ханъак» – аджэн цитрасымен бірге қолданылатын шынайы корей музыкасы), фольклор және шаман музыкасында, виртуоз санджо музыкасында (ұрмалы аспаппен бірге) кең қолданылады. Аспаптың заманауи үлгілері батыстық скрипкалар тобы аспаптарына ұқсас келеді.

     Аспаптың акустикалық мүмкіндігін кеңейту мақсатында 1960 ж. бастап түрлі өзгерістер енгізілген болатын. 1965 жылы Пак Хун Бонг және Ким Бун Ги төменгі дыбыс үндестігі баптауларын жасап шығарды, ал 1967 жылы Ким Джи Су аспаптың шағын түрін жасады.