Туйдук аспабы

     Туйдук – түркмендердің бұл аспабы ұзын ашық сыбызғы (флейта) болып табылады. Аспаптың бұл түрі сыбызғылардың ең көне түрі болып табылады. Флейтада мүштіктің үшкір шеттерінен басқа дыбыс шығаруды жеңілдететін ешқандай құрылғы жоқ. Туйдуктың көне аспап боып саналуының және бір себебі, басқа түркмен аспаптары секілді, құрылымында табиғи өлшемдердің қолданылуы.

     В.А. Успенский Түркменстандағы этнографиялық зерттеулерінде Тагтабазар қаласында 1 айдай болып, өзінің түркмен музыкасы атты еңбегіне қызықты жазбаларын екі музыканттан: Гарлы бақсы Солтанов және Нобат Амансахе бақсыдан жазып жинаған болатын.

     Түркмендердің сенімі бойынша дутардың пайда болуы сияқты, туйдуктың да пайда болуында шайтанның ролі болған. Өйткені туйдуктың бір (артқы) дыбыс ойығы осы күнге дейін шейтан дешик (шайтан ойық) деп аталады.

     Әдебиет: Успенский В.А., Беляев В.М. Туркменская музыка. / Отв. ред доктор Искусствоведения Ш. Гуллыев. Ред. предисл и коммент. Э. Алексеев. – Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2003. – 832 с. 114-115 б