Чатхан туралы аңыз

     Чат-хан есімді бір қария өмір сүріпті. Ол шопан болыпты – таңнан кешке дейін жасыл қыратта қой баққан. Шопанның жұмысы ауыр – бірде ыстық күннің астында, бірде өткінші жаңбыр астында қалады.

     Чат-хан шопанның жұмысын жеңілдету туралы ұзақ ойланды. Бір күні қарағайдың бөлігін алып, одан жәшік ойды, қылдан ішектер тағып, ойнай бастады. Кешке Чат-ханға музыка тыңдау үшін өзге шопандар келе бастады. Керемет ойнағаны сонша, ұшқан құс та, жүгірген аң да орнында тоқтап қалатын.

     Ендігі, шопандардың жұмысы жеңілдеді. Отар қой далаға жайылып кетсе, Чат-хан аспабын алып, ішектерге қол тигізсе, ғажайып әуенді тыңдауға жануарлар қайта жиналатын болған.

     Ғажап аспаптың аты бүкіл Хакас еліне жайылды. Ол туралы қарақшылар – бір көзді дәулер де естіді. Бір күні түнде олар қарияны өлтіріп, аспапты өздерімен бірге үлкен тауға алып кетеді.

     Әлгі таудың басында бір көзді дәулердің үйі орналасты. Үйдің жанында үңгір болды – ұрланған олжаны осында жасырды. Бұрын олар отарға шабуылдап, қой-сиырды айдап кететін. Енді олай жасаудың қажеті болмады. Дәулердің азығы таусылғанда аспапты алып, дыбыс шығарғанда, керемет әуенге тәнті болған жануарлар қарақшыларға өздері келді.

     Осылайша, қарақшылар керемет өмір кешті – күні бойы көңіл көтерді. Бірақ ауылда әлгі Чат-хан қарияның батыл немересі ер жеткенін білмеді. Ол асқан мерген болды – атқан оғы нысанаға дөп тиген аңшы болды. Бір күні аң аулап жүргенде, таудың басына шығып, үңгірдің жанындағы терезесіз үлкен үйді көреді. Есіктің ар жағынан қарлыққан дауыстар естілді:

  • Міне, қазан тағы бос.
  • Бір-екі қой сою керек еді!
  • Әлгі ішегі бар шаңқылдаған зат қайда?

     Үйдің тынышталып, бір кезде ғажап әуен естілді. Әуен жайылымға жеткенде жануарлар тына қалды. Сиқырланғандай, таудың басына бет алды. Қарақшыларға олардың арасынан жақсысын таңдау ғана қалды.

     Үлкен тастың артына жасырынған бала дәулердің жануарларды сойып, етті үйге тасығанын көріп қынжылды.

     Бала көптен бері мұндай осыншама тамақ көрмеді. Тастан жебесін шығарып, ұшына ең дәмді бөлік – қойдың бауырын түйреп қойды. Бастапқыда қарақшылар ештеме байқамады, бірақ тойлауға отырғанда, сөз таластырды.

  • Бауырды кім жеді? –деп сұрады біреуі.
  • Өзің жеген шығарсың.
  • Иә, бауыр жоқ,- деп үшіншісі ойланды.

      Айтысып отырып, етті тағы бір іріктеуді шешті. Қайта қарады – бауыр еш жерде жоқ. Сонда ең үлкені айтты:

  • Түсінікті, бұл Чат-ханның немересі ер жетті деген сөз. Бауырды алып кеткен сол. Оның көзін құрту керек.

     Дәулер үйден жүгіріп шығып, ауылға бет алды. Жол бойы құлап-сүрінді – жартылай соқыр еді.

     Бала болса дәулердің алыстағанын біраз күтіп, үйге кірді. Есік алдынан ор қазып, бетін бұтақтармен, топырақпен жапты. Кейін атасының аспабын алып, ойнай бастады. Әуенді естіген дәулер кейін асықты. Есікке жете бергені сол еді, орға түсті. Бала олардың бетін таспен бастырып, орды топырақпен көмді. Қайтадан аспапты алып, ойнай бастады. Үңгір ашылып, ішінен құтқарылған жануарлар шықты. Бала аспапта ойнап жүріп таудан түсті, соңынан жануарлар да ерді. Ішектерде ойнап, батырлардың ерлік істері туралы жырлады.  

     Сол кезден бастап, сиқырлы жәшікті чатхан деп – Чат-хан қарияның құрметіне атап, баланы әнші – хайджи деп атады.