Рубаб туралы аңыз

     Аспапқа жанынан зер салса, рубабтың басы тауысқа ұқсайтынын байқауға болады. Аңыз бойынша, Бұхара әмірінің сүйікті қызы ауруға  шалдығады. Күн өткен сайын қыздың өңі сола берді, ал елдегі ең мықты деген емшілер аурудың себебін таппай, дал болды. Бірде әмірге Бұхара Балхтан келген ерекше музыкант туралы хабар жетеді. Халықтың айтуы бойынша, оның музыкасы кез келген дертке дауа болды. Жігітті сарайға шақырып, болған жайтты баяндайды. Оқиғадан хабардар болған музыкант ханшайымның дертін емдейтін аспап жасау үшін уақыт беруін сұрайды. Жанында тауыстар жүретін үлкен әдемі тоғаны бар сарай бақшасында отырып, шебер аспап жасауға кірісті. Құрбыларымен  бірге осы құстарды тамақтандыру үшін ханшайым да кей кездері келіп тұратын. Бұл көріністі алыстан бақылаған жігіт ғашық болып қалғанын өзі де байқамады. Әмірдің қызын қуанту үшін ол сырт келбеті ханшайымның сүйікті құстарына ұқсайтын рубаб аспабын жасады. Аспап дайын болғанда керемет әуенді ойнады. Әуеннің ғажабы сол, ғашық жігіттің музыкасын тыңдаған құстар да тына қалды. Сарай бағында отырған қыз да музыканттың жанынан шыққан әуенді естіді. Осы әуенді есту үшін ханшайым енді баққа күнде шығатын болды. Көп ұзамай, ханшайымның тәуір бола бастағанын,өңі кіргенін байқайды, ал әкенің қуанышында шек болмады. Ханшайымның емделуіне орай, әлгі музыканты шақырып, оны марапаттау үшін және ерекше ойынын тыңдау үшін үлкен той жасады. Сарай залының аяқ жағында орналасқан жігіт көзімен сүйгенін іздеп, аспапта ойнай бастайды. Қыз болса шымылдықтың ар жағында отырған болатын, бірақ әуестігі бой алып, сыртқа қарайды. Бұл оқиға Бұхара ханшайымының әкесі ғашықтар үшін керемет той жасаумен аяқталыпты-мыс.