Жетіген аспабы

         Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтар салынады.

         Жетіген – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы, пайда болған уакыты мен қолданысқа түскен кезендері жайлы деректер жоқтың қасы. Шертпелі аспаптардың ең көне түрінің  даму тарихы бізге күні  бүгінге дейін белгісіз. Соңдықтан, бұл саланы зерттеушілер бар боғаны  әр түрлі болжаулар  айтумен ғана шектеледі. Б.з.д. 3000 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі Шумер елі мен Хорезмде кифара қатарлы аспатардың, Пазылық қорғанында б.з.д V-IV ғғ. екі ішекті арфа тектес музыка аспабының  бүгінгі Орта Азия аумағындағы Қойқырылған атты ескі қала қорында б.з.д. 4 ішекті аспаптың қолданылғандығы халқымыздың ежелгі замандағы музыка өнерімен әуестенуі мәдени құндылығынан дерек беріп, жетіген аспабының да тамыры тереңде жатқандығын аңғартады. Бұл аспаптармен тарихи сабақтас бола алатын IX-XII ғғ. аралығында монғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары арасында кең тараған көп ішекті саз аспабы боған. Сол заманда үстіртті  мекендеген ұлыстар уақыт қиындығына байланысты алуан түрлі соғыстар мен әр қилы шапқыншылыққа ұшырағандықтан, өз мекенін тастауға мәжбүр болып, өзге елдерге қоныс тепкендіктен бірталай ұлттық құндылықтарынан айырылып қалған болатын.

         Зерттеуші Б.Ш. Сарыбаев өз еңбегінде жетігеннің көне түпнұсқасы түркі тектес тамырлас халықтар арасында өзгеріссіз сақталып келгендігін, оның құлақ бұрауы мен ойналу әдістерін жетігенге лайықтауға болатынын ескерткен болатын. Осы жолда басқа фольклорлық аспаптармен жетігенді де насихаттауда, күй өнерінің көрнекті көсемі Нұрғиса Тілендиевтің (1925-1998) Отырар сазы оркестрімен қатар «Шертер», «Сазген», «Адырна», «Мұрагер» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері 1970-80 жылдардан бастап зор еңбек сіңірді. Көне заманғы аспаптарды жаңартып, халық жадынан шығармай жалғастырып келе жатқан Ықылас Нұрғалиев, Самат Мәлімбай, Бағдат Тілегенов сияқты ансамбль жетекшілері жетігеннің қалыптасуына қомақты үлес қосты.

Аспап тұтас ағаштан ойып жасалған, шанақтары әдетте көн терімен қапталған, кейбір этнографиялық еңбектерде шанағы  ашық қалдырылған.

 

Н.Б. Жақыпбек. Жетіген аспабының құрылымы және ойнап үйрету әдістемесі. – Алматы. 2016. –184 б.