«Көңіл көктемі» әдеби-шығармашылық кеші

                                                                                            БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                        «Көңіл көктемі» әдеби-шығармашылық кеші

     2018 жылы 30-наурыз күні, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраевтың «Көңіл көктемі» атты әдеби-шығармашылық кеші өтеді.

     Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиетке дүниені дүр сілкіндіріп келген дарабоз дарын, талант иесі Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған. Жамбыл педагогикалық институтын бітірген.

     2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші.

     Өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді. 1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 2000 жылы осы баспадан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады» (1995), «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген.

     Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты (2000). Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты. Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған. «Студенттер көктемі» фестивалінің бас жүлдегері болған. Еліміздегі бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері.

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа