8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт

                Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\20жыл.jpg                  Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\НА САЙТ\Логотипы\images.png

                                                                                                   БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                     8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт

     2018 жылы наурыз айының 7-жұлдызында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы 1 курс студенттерінің концерті өтеді. Мерекелік іс-шараға қала қонақтары мен дәстүрлі әншілер Амангелді Күзеубай, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Исатаева,  Еркін Шүкіман қатысады.

     Тарихқа зер салсақ, 1908 жылы 28 ақпанда Нью-Йорк социал-демократиялық әйелдер ұйымының шақыруымен әйелдер теңқұқықтығы туралы митинг өткізілді. Бұл күні 15000-нан астам әйел жұмыс күнінің қысқартуы және ерлермен тең еңбекақы төлеу шарттарын талап етіп, қала арқылы өтті. Олар, сондай-ақ, әйелдер сайлау құқығын талап етті. 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К.Цеткинаның ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Бұл күн - әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail: imeniykhlasa@mail.ru

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа