«ҚАЗАҚТЫҢ ПРИМАСЫ»

                    Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\20жыл.jpg                    Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\НА САЙТ\Логотипы\images.png

                                                                                                      БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                                                     «Қазақтың примасы»

                                                   атты Гүлнәфис Баязитованың 100 жылдығына арналған дәстүрлі музыкалық концерт

     2018 жылы ақпан айының 16 жұлдызында, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің ұйымдастыруымен өтетін Гүлнәфис Баязитованың 100 жылдығына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ПРИМАСЫ» атты дәстүрлі музыкалық концертіне шақырамыз!

     Гүлнәфис Баязитова (1917–1987) – Қазақ КСР-нің халық әртісі, қобызшы. 1935–1965 жылдар аралығында Қазақ КСР-нің композиторы А.Жұбанов басқарған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде қызмет жасаған. Оркестрде концертмейстер және прима (бірінші) қобызшы қызметін атқарған. Г. Баязитова бейбіт жылдары да, Ұлы Отан соғысы кезінде де қазақ композиторларының әндері мен күйлерін және еуропалық классиктердің шығармаларын оркестр сүйемелдеуімен орындап, жеке концерттер берген. 1965–1973 жылдары Қазақконцертте солист күйші қызметін атқарған. 1953 жылы Бухарестте өткен ІV-ші Халықаралық жастар мен студенттер фестивалінің  лауреаты атағын иеленген. 40 жыл өнер жолында қызмет етіп жүріп, Қазақстан Республикасының қалалары мен ауылдарына, сонымен қатар шет елдерге (КХР, Монғолия, Ресей, Украина, Белоруссия, Молдавия, Орталық Азия, Балтық елдеріне) гастрольдік сапармен барып өнер көрсеткен. Ерекше дарыны және қазақ мәденитіне сіңірген ерен еңбегі үшін Г. Баязитова «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «ҰОС адал еңбегі үшін», «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО Мәдениет министрлігінің  «Үздік жұмысы үшін» т.б. төсбелгілермен марапатталған. Г. Баязитова қазақ өнеріне сіңірген еңбегі үшін 1973 жылы Қазақ КСР-нің энциклопедиясына, Қазақстанның Ұлттық Энциклопедиясына енгізілген (1998–2007).

     Кеште: ЖОО-ның Халық әні кафедрасының ұстаздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Мәдениет қайраткерлері, сонымен қатар республикалық конкурстардың лауреаттары қатысып өнер көрсетеді.

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа