Түркі халықтарының музыкалық аспаптары залы

     Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық аспаптары залына қош келдіңіздер!

     Тамырлас түркі халықтарының тілінде, тарихында, тұрмыс-салтында, мәдениеті мен өнерінде ежелден қалыптасқан ұқсастық, туыстық үлгілер молынан кездеседі. Ол үлгілер әсіресе, дәстүрлі музыкалық аспаптар тарихында мол сақталған.

     Түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптар залы ­ түркі тілдес халықтарының музыкалық аспаптарының басы бір ортаға тоғысқан тұсы. Бұл залда түрік, әзірбайжан, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, моңғол, алтай халықтарының т.б. түркі тілдес халықтарының музыкалық аспаптары қойылған.

     Бұл экспозиция залынан 14 түркі тілдес халықтардың 27-і сан алуан музыкалық аспаптарын көріп таныса аласыздар.

     Туйдук – түркмендердің бұл аспабы ұзын ашық сыбызғы (флейта) болып табылады. Аспаптың бұл түрі сыбызғылардың ең көне түрі болып табылады. Флейтада мүштіктің үшкір шеттерінен басқа дыбыс шығаруды жеңілдететін ешқандай құрылғы жоқ. Туйдуктың көне аспап боып саналуының және бір себебі, басқа түркмен аспаптары секілді, құрылымында табиғи өлшемдердің қолданылуы. Туйдук (шопандар қолданатын дилли туйдукті есептемегенде) түркмендердің жалғыз үрлеп орындайтын аспап болып табылады.

     Комуз – лютня тәріздес қырғыз халқының ұзын жіңішке мойынды, үш ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Алмұрт тәріздес корпус пен пернесіз мойын біртұтас болып келеді (тұтас ағаштан ойып жасалады). Аспаптың жалпы ұзындығы 90 см. Ортаңғы ішек әуенді, қалғаны бурдон қызметін атқарады. Қырғыздың бұл аспабы туралы алғашқы сипаттамаларды Сыма Цзянның (б.з.б. 201 ж.) еңбектерінен кездестіруге болады. Комуз сондай-ақ, оғыздың «Китаби дедекоркуд» (ІХ-Х ғғ.) эпосында айтылып, қырғыздың кәсіби өнері мен халық тұрмысында әлі күнге дейін кең таралған (аспапта кәсіби орындаушылар  «комузчи» аталады).

     Морин хур – монғол халқының ыспалы аспабы. Монғолияда, ҚХР-да (Ішкі Монғолия, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы), Ресейде (Бурятия, Калмыкия, Иркутск облысы, Забайкальск өңірі) кең таралған. Аспаптың басы дәстүрлі түрде жылқының басы түрінде жасалады. Монғол поэзиясында аспаптың дыбысы жылқының кісінегеніне немесе дала желіне ұқсас.Аспаптың аталуы монғол сөздері: морин – жылқы, хур – ішек, дауыс деген сөздерінен құралған.